• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Кино 13 Қаңтар, 2022

«Алтын қор» кинолары жойылған жоқ

410 рет
көрсетілді

Еліміздегі бүгінгі ахуал кезінде отандық мәдениет пен тарих мұраларының тағдырына немқұрайды қарамайтындардың барлығын республикалық телеарналардың бірінде «Елдің алтын қоры» жойылды деген хабар толғандырды.

Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспай­ды. «Қазақстан» республика ­лық те­лерадиокорпорациясы­нан алын­­ған ақпарат бойынша, Ал­маты қаласындағы филиал ғима­ратында сақталған кино­материалдарға шығын келген.

Бұл ретте бұрын «Қа­зақ­стан» РТРК 2017 жылдан 2021 жылға дейін кино­фото­құжаттар мен дыбыс жаз­ба­ла­рының Орталық мем­ле­кет­тік мұрағатына (ҚР МСМ ве­домстволық бағынысты ұйы­­­­мы) сақтауға берген кино­ның «Ал­тын қорының» 500-ге жуық сақтау бірлігі бар елеулі бө­­лі­гі бүтін және сақталған.

Айта кетейік, КФДЖҚ ки­но қоры 4 698 деректі фильм­ді құрайды, оның ішін­де «Қа­зақтелефильм» студия­сы­ның 1000-ға жуық кинолентасы болса, 504-і көркем фильм. Ал жалпы архивте, Ұлттық архив қорының құрамында 209 289 бірлік кино-фото-фоноқұжат бар, олар толық сақтаулы.