• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2022

Алматы облысында карантин күшейтілді

281 рет
көрсетілді

Алматы облысында эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты жаңа қаулы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан төмендегі шараларды өткізуге тыйым салынады.

- концерт залдарының, цирктердің, филармониялардың қызметіне;

- діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шаралар өткізуге (жұма намазы, діни жоралар және т.б.);

- конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізге;

- түнгі клубтардың қызметіне;

- қоғамдық тамақтану объектілеріндегі бар тіреулерде қызмет көрсету, ән айту және би бойынша қызметтер көрсетумен караоке қызметі (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда);

- «Ashyq» жобасына қатысушы объектілерде 30 адамға дейін еске алуды өткізуді қоспағанда, салтанатты, бұқаралық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар, корпоративтер және т.б.), ашық ауада және жабық жайларда ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру, өткізу және қатысуға болмайды;

- Кинотеатрлардың («Ashyq» жобасына қатысушылардың) толымдылығы 30% аспауы тиіс; «600-ден астам оқушылар оқитын мектептер – қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылсын.

ЖОО-ы, арнайы орта білім беру объектілері аралас оқыту форматына ауыстырылсын. барлық дәрістер онлайн, практикалық, зертханалық сабақтар ыңғайластырылған кесте бойынша, семинарлық сабақтар штаттық режимде өтеді.

Мектепке дейінгі білім беру – ата-аналардың (заңды өкілдерінің) жазбаша келісімімен оқытудың штаттық форматы болуы керек. Қосымша білім беру ұйымдарында - жеке сабақтар штаттық режимде, топтық - 10 адамға дейін, балалар/ересектерге арналған түзету орталықтарында – жеке және топтық сабақтар 10 адамға дейін штаттық режимде өткізілуі керек», делінген Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2022 жылғы 14 қаңтардағы №1 қаулысында.

Қаулы Алматы облысының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шықты.

Сонымен қатар қызметкерлерде COVID-19-ға қарсы вакцинация және ревакцинация жүргізілгеніне қарамастан мемлекеттік органдар, ұйымдар және кәсіпорындар персоналының (тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінен басқа) кемінде 70%-ы қашықтықтан жұмыс нысанына көшуі тиіс.

Айта кетейік, Алматы облысында коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті. 13 қаңтарда 257 адамнан аталған індет анықталған.