• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2022

Маңғыстауда 300-ге жуық азамат төтенше жағдай режимін бұзған

219 рет
көрсетілді

Маңғыстауда төтенше жағдай кезінде барлығы 50 мыңға жуық азамат, коменданттық сағат кезінде 513 азамат тексерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Алты тәулікте барлығы 252 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама жасақталып, іс-қағаздар әкімшілік сотқа жолданды», деп жазылған Маңғыстау ПД таратқан хабарламада. Маңғыстау облысы коменданты Жанарбек Бақтыбаев облыс тұрғындарын төтенше жағдай режимін және коменданттық сағат ережелерін қатаң сақтауға шақырады.