• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қаңтар, 2022

Атырау облысында Pfizer вакцинасын 3 626 адам салдырды

257 рет
көрсетілді

Атырау облысында Pfizer вакцинасын 3 626 адам салдырды, хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орыбасары Қайсар Абдалиевтың айтуынша, өңірге Pfizer вакцинасының екі компонентіне арналған 126 мың 520 дозасы жеткізілген.

«Қазір Атырау облысында Рfizer вакцинасын алатын 12 мен 18 жас аралығындағы балалар саны 63 138 адамды құрайды. Ал, бала емізетін және жүкті әйелдер саны – 35 362. Вакцина салу былтырғы 20 қарашада басталды. Содан бері Pfizer вакцинасын 3626 адам салдырды. Оның ішінде бала емізіп отырған 1 789 ана мен 191 жүкті әйел бар. Сондай-ақ 12-18 жас аралығындағы 1 646 жасөспірім вакцина ектірді», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысындағы Теңіз кен орнында 456 адам коронавируспен ауырып жатқанын жазған болатынбыз.