Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Сағымбаев өңірде қанша адам ревакцинациядан өткенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша ревакцинациядан өткен тұрғындардың басым бөлігі медицина саласының қызметкерлері мен әскерилер.
- Облыста 21 емханада ревакцинация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір қолданыста ресейлік «Sputnik V»; «QazVac»; «Синовак вероселл»; «CoronaVac»; «Pfizer» вакциналары бар. Жалпы екпенің I – компонентімен 205 516, II – компонентімен 183 094 адам егілді, - деді Маңғыстау денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Сағымбаев.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысында эпидемиологиялық ахуал нашар. Соңғы тәулікте аймақта 134 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.