WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, америкалық Деметриус Андраде міндетті қарсылас Жәнібек Әлімханұлымен кездесуден бас тартқан соң отандасымыз бос қалған белдік үшін кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сонымен Деметриус Андраде кәсіби мансабын екінші орта салмақ дәрежесінде жалғастыру туралы шешім қабылдады. Мұндай жағдайда Жәнібек Әлімханұлы бос қалған белдік үшін рейтингте жоғары тұрған боксшымен қолғап түйістіруі керек. Алайда мексикалық Хайме Мунгия 19 ақпан күні АҚШ боксшысы Димитриус Баллардқа қарсы шаршы алаңға шығады. Сондықтан рейтингте үшінші орында тұрған бразилиялық Эскива Фалькао Жәнібекке қарсы шаршы алаңға шығуы тиіс.