• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2022

Алматы облысында қаза тапқан полицейлердің отбасына наградалар тапсырды

170 рет
көрсетілді

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаппай тәртіпсіздік кезінде қызметтік міндеттерін атқару үстінде қаза тапқан полиция қызметкерлері Дархан Барғанаев пен Ербол Ержанов «Айбын» орденімен марапатталды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев олардың отбасыларына мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біздің әріптестеріміз, полиция лейтенанты Дархан Барғанаев және әділет прапорщигі Ербол Ержанов өмірінің соңғы сәтіне дейін Отанға, халыққа деген адалдығын абыроймен көрсетті. Олар біз үшін әрқашан Отанға адал қызмет етудің, ерліктің және парызға беріктіктің үлгісі болады», деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.