• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Өнер 28 Қаңтар, 2022

Індетті жеңудің жолы – ревакциналау

296 рет
көрсетілді

28 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры ұжымы қалалық №2 емханада COVID-19-ға қарсы екпенің үшінші компонентін салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қауіпті індеттен қорғанудың жалғыз жолы ол – ревакциналау. Соңғы уақытта әлемде де, елімізде де ауру саны қайтадан өсуде. Сондықтан театр директоры Асхат Максимұлы Маемиров бастаған театр ұжымы екпе салдырды.

«Ақпан айынан бастап Музыкалық жас көрермен театры қойылымдарын өз көрермендеріне тарту етеді. Ал көрермендердің қауіпсіздігі біз үшін бірінші кезекте. Сондықтан олардың қойылымды қауіп-қатерсіз, емен-жарқын жоғары көңіл-күймен тамашалап отыруы біз үшін маңызды. Театр басшысы ретінде өзім бастап, бүкіл ұжым болып ревакцинаға қатысып жатырмыз.

Қазір 20-дан астам театр артистері екпенің үшінші компонентін алды. Ревакцинация театр қызметкерлері толық өткенше жалғаса береді. Жалпы, жаппай ревакциналау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасқанда ғана індетті жеңетініміз белгілі. Сондықтан, барлық отандастарымызды, ел азаматтарын ревакциналауға шақырамыз» деді театр директоры Асхат Максимұлы.

Алдағы уақытта театрға көрермендердің келуіне мүмкіндіктер жасалып жатыр. Сондықтан  сахнада өнер көрсететін театр артистері ереже бойынша екпенің екінші кезеңінен соң 6 айдан кейін өздері келіп ревакциналаудан өте беретін болады.