Ел өңірлерінде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 қаңтардағы мәліметке сәйкес, аталған препараттың І дозасын – 624 373 адам, ІІ дозасын 327 717 адам салдырды.
Оның ішінде, І компонентімен егілді:
- жасөспірімдер – 509 227
- жүкті әйелдер – 25 656,
- бала емізетін әйелдер – 80 038.
ІІ компонентімен егілді:
- жасөспірімдер – 266 763,
- жүкті әйелдер – 15 804,
- бала емізетін әйелдер – 45 143.