• RUB:
    5.4
  • USD:
    472.57
  • EUR:
    508.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Қаңтар, 2022

Шымкенттегі пәтерден үш мәйіт табылды

366 рет
көрсетілді

Шымкент қаласындағы тұрғын үй пәтерлерінің бірінде үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті БАҚ таратқан ақпарат бойынша оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шықты. Олар арнайы құралдардың көмегімен алдыңғы есікті бұзып ашып, ішке кірген.

Қалалық ТЖД хабарлағандай, пәтерден 1978, 1957 және 1979 жылдары туған үш адамның денесі табылды. Өлімнің алдын-ала себебі - көміртегі тотығымен улану.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.