• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Ақпан, 2022

Қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар ұсталды

351 рет
көрсетілді

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті «Елімай 2019» тұтыну кооперативі түрінде әрекет еткен қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар Е. Қизбаев пен Ж. Өмірбаеваны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша Алматы облысында және ҚР басқа өңірлерінде «Елімай 2019» ӨК және оған басшылық ету фактісі бойынша қылмыстық істер тергелуде.

Ұсталған азаматтар Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу органына 125-тен астам зардап шеккен адам жүгінді, тергеу жәбірленушілердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп санайды.