• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 01 Ақпан, 2022

Үкімет депуттардың жалақысын көтермеу туралы қаулы қабылдады

281 рет
көрсетілді

Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулыға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Құжат жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді.

Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру бөлігіндегі шешімдері Мемлекеттік мүлік және квазимемлекеттік сектор субъектілері тізілімінің веб-порталдарында жариялануға жатады.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында «Парламент депутаттарына, Үкімет мүшелеріне және барлық деңгейдегі әкімдерге еңбекақы төлеуге мораторий енгізу туралы» қаулы қабылданды.