• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Білім 02 Ақпан, 2022

Асхат Аймағамбетов қандай ЖОО-лардың жабылатынын айтты

378 рет
көрсетілді

Бүгінгі күні еліміздегі бүкіл ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарының бірлескен жұмысын жүргізу міндеті тұр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғылыми-зерттеу институты форумында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысы ғылым мен білімді дамыту үшін барлық жағдайды жасады. Институт, университеттер мектептермен, оқушылар сарайларымен тығыз жұмыс істеуі керек. Бізде осы сала ақсап тұр. Ол тек кәсіби бағыттағы жұмыс емес, әртүрлі ғылым жарыстар, олимпиадалар ұйымдастыру. Алматы қаласындағы қай мектепті алсақ та, ғылыми институттар, университет мамандарымен бірлесе жұмыс істеуге қуана келіседі. Институттарға мектептермен бірлесе жұмыс істеуді тапсырамын. Біз Президент тапсырмаларын сапалы, әрі, тыңғылықты ұйымдастыру керекпіз. Біздің ғылыми әлеуетіміз жоғары. Стандарттарға сай келмейтін ЖОО-ларды жауып жатырмыз», деді министр.

Бұдан бөлек бірлесе маман дайындау үшін ғылыми-зерттеу институттарының зертханалары магистранттар мен докторанттарға, ал оқу орындарының зертханалары институт қызметкерлеріне қолжетімді болады. Олар Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты, Ұлттық биотехнология орталығы, Биологиялық қауіпсіздік институты және тағы да басқа теңдессіз ғылыми зертханаларда жұмыс істеп, тағылымдамадан өте алады.

Сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлерінен жасақталған жүзден аса диссертациялық кеңес ашылады. Осыған дейін ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары диссертациялық кеңестердің жұмысына қажетті деңгейде жұмылдырылмаған болатын.

Министрдің сөзінше, қабылданған шаралар ғылыми зерттеу сапасы мен ғылыми кадрларды дайындаудың тиімділігін арттырып, ғылымға талантты жастарды тартуға оң ықпал етеді.