Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. TAV Airports Holding президенті және Бас директоры Мұстафа Сани Шенермен кездесуде жаңа жолаушылар терминалын модернизациялау және салу жөніндегі топтың инвестициялық жоспарлары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы әкімі халықаралық әуежайды мегаполистің визит карточкасы деп бағалады. Ол сондай-ақ, әуежайды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мегаполис экономикасына мультипликативті әсер беретінін атап өтті.
Бұдан басқа, әуежайды жаңғырту оңтүстік астананың туристік әлеуетін дамытады. Оның инвестициялық тартымдылығын және Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлылық деңгейін арттырады.
Ерболат Досаев қала билігінің жобаны қолдауға және нысанды белгіленген мерзімде тапсыру үшін мәселелерді шешуге ықпал етуге дайын екенін айтты.