«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қор акционерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы шешіміне сай директорлар кеңесі құрамынан Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев шығарылды. Директорлар кеңесіне Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов кірді.
«Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Қуантыров А.С., Сәтқалиев А. М., Сүлейменов Т. М», делінген хабарламада.