Соңғы 10 ай аралығында халықаралық рейс жолаушыларынан коронавирус індеті анықталғаннан кейін Кирибати шалғай аралдық мемлекеті карантинге оқшауланды, деп хабарлайды Egemen.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.
Карантин талаптарына сәйкес жергілікті тұрғындарға қоғамдық іс-шараларға қатысуына қатаң тыйым салынып, үйден шықпау міндеттелді. Сонымен қатар дүкендерден қажетті заттар сатып алуға таңғы 06.00-ден 14.00-ге дейін уақыт берілген.
Фиджи елінен келген 36-ға жуық жолаушылардың ПТР тестілеуі оң нәтиже көрсеткен. Facebook желісінде таратылған ақпаратқа сенсек, барлық азаматтар денсаулық сақтау қызметкерлерінің бақылауында.
Естеріңізге сала кетсек, Кирибати – әлемдегі ең кіші және материктен алшақ орналасқан аралды мемлекеттердің бірі. Ол Австралияның ең жақын құрлығынан шамамен 4800 км қашықтықта орналасқан.
Жансая Рысбек,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті