• RUB:
    4.91
  • USD:
    443.03
  • EUR:
    480.38
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 12 Ақпан, 2022

Жәнібек жекпе-жекке дайындықты бастады

363 рет
көрсетілді

Орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Боксшы жаттығу процесін Окснардтағы жеке бапкері Бадди Макгирттің залында өткізіп жатыр. Әлеуметтік желілерде жазба қалдырған боксшы жұмысқа кіріскенін жанкүйерлерінің есіне салған.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ оғланы WBO тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы атағына таласады. Жәнібек бразилиялық боксшы Эскиво Фалькаоға қарсы шаршы алаңға шығуы тиіс.