• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тарих 15 Ақпан, 2022

Қуғынға түскен әулет

1715 рет
көрсетілді

Қызылордадан Сырдария ауданына қарай жолы түскен жолау­шының Нағи Ілиясов ауылына жақындай бере ерекше бір мұнараға көзі түседі. Бұл елін жаудан қорғаған әйгілі батыр, аузы дуалы би Көтібар Итаяқұлының әулеті жатқан қорым. Жергілікті тарихшылар батырдың мұнаралы кесенесі Сыр бойындағы ­50-ден астам асарлар сияқты тарихи мәдени құндылығы жоғары ескерткіштің біріне жататынын айтады. Мұнара 1982 жылдан бері мемлекет қорғауына алынған.

Сыр өңірін Қоқан басқыншы­ларынан азат етуші әйгілі жүзбасы, би әрі батыр Көтібар Итаяқұлы шамамен 1825-30 жылдар аралығын­да қазіргі Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылы төңірегінде дүниеге келген. Жаппас руының беделді адамының бірі болған Көтібар Итаяқ­ұлы туралы Ә.Диваевтың ең­бе­гінде де жазылады. Батырдың әкесі Итаяқ дәулетті, судың жолын танитын мұрап болған кісі екен. 

Биіктігі он метрге жуық, қам ке­сек­тен тұрғызылған мұнараның төменгі бөлігі цилиндрлі, ортасына қарай күрт тарыла түскен, жоғарғы бөлігі кесілген. 

Отызыншы жылдар оқпанына Көтібардың ел ісіне араласа бас­таған ұлдары Әлмағамбет, Пір­мағамбет, Ибраһим, Жан­ға­былдар да түсіпті.  Төртеудің арасынан ел­ге кенжесі Жанғабыл ғана аман ора­лады.

Бидің 1871 жылы дүниеге келген тағы бір ұлы Әли Көтібаров жайлы әңгіме бөлек. Жөлек стан­сасындағы орыс-қазақ мектебін, Ташкенттегі гимназияны үздік бітір­ген қазақ баласына оқу орны­ның басшылары Санкт-Петер­бургтегі жоғары әскери-меди­цина­лық академиясына жолдама береді. Талапты жас академияда да үздік оқып, бес жыл патша армиясында дәрігер болады. Азамат соғысы жылдарында Жетісудағы Черкасск қорғанысында әскери лазаретті басқарып, мыңдаған жанды ажалдан аман алып қалады. 

Қазақтан шыққан тұңғыш дәрі­герлердің бірі Әли Көтібар­ұлы осыдан кейін Ташкентте қызмет етіп, кейін Перовск уез­дік денсаулық сақтау бөлімінің мең­герушісі болады. 1925 жылы 54 жасында қайтыс болған дә­рігер мұнара маңындағы әулеттік қо­рымға жерленеді. Қазір облыс орталығында дәрігер Әли атында көше бар.

 

Қызылорда