• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 15 Ақпан, 2022

Ата-әжелер ағылшын тілін тегін оқуда

472 рет
көрсетілді

Алматы облысында орналасқан «CES for You» оқу орталықтары «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасын іске қосты, деп жазады Egemen.kz.

Жобада ағылшын тілін үйренгісі келетін ата-әжелерге осы тілді еркін меңгерген жастар қарапайым қолданыстағы ағылшын тілін оңай әдіс-тәсілдермен үйретеді.

«CES for You» оқу орталығының құрылтайшысы Айгүл Қанатқызының пікірінше, жоба алдыңғы толқын мен кейінгі толқынның арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

«Бұл жобаға біздің ата-әжелеріміз, аға-апаларымыз тегін қатыса алады. Ондағы мақсат жас буын мен үлкендер арасында өзара түсіністік орнату. Бұл қызметіміз үшін ақы алмаймыз. Тек үлкендердің алғысы мен батасын алып жатсақ жеткілікті. Осылайша ғылым мен білімнің, технологияның жетекші құралына айналған ағылшын тілінің кең қанат жаюына бірігіп атсалысқымыз келеді», дейді А.Қанатқызы.

Жобаға Алматы облысының құрметті ақсақалы Ыбатаев Сейтқали бастаған азаматтар алғашқы қатысушы ретінде тіркеліп, тіл үйрену сабақтарын бастап кетті.

«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы «CES for You» оқу орталығының Алматы облысындағы барлық филиалдарында жүргізіледі.