• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Ақпан, 2022

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары үйқамаққа ауыстырылды

375 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында әкімнің бұрынғы орынбасары Ғалымжан Ниязов 24 наурызға дейін үйқамаққа ауыстырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«16 ақпанда тергеушінің өтініші бойынша Ғалымжан Ниязовтың «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы «үйқамаққа» өзгертілді», делінген облыстық сот таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында әкімнің бұрынғы орынбасары Ғалымжан Ниязовтың қамауға алынғаны 4 ақпанда хабарланған болатын.

Ол өңірге сұйытылған мұнай газын жеткізуді қадағалаған.