• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Білім 20 Ақпан, 2022

Сапалы мамандармен қамтамасыз ету маңызды

678 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасында басқа да күнделікті өзекті мәселелермен қатар білім беру сапасына, соның ішінде жоғары білім беру сапасына көп көңіл бөлініп келеді. Президент Қ.К.Тоқаев 2022 жылдың 11 қаңтарындағы Парламент Мәжілісінің отырысындағы баяндамасында басты назарды еліміз үшін маңызды мәселелермен қатар білім беру мәселелеріне, соның ішінде, әсіресе сапалы жоғары білім алуды қолжетімді етуге аударды.

Біздің ойымызша, бұл шаралар­дың бар­лы­ғы, сайып келгенде жоға­ры оқу орын­­дары арасындағы әділ бәсе­ке­лес­тікті қамт­амасыз етуі тиіс және олар білім беру сапасын арт­тыруға өз үлесін қоса­ды. Білім және ғы­лым министрлігі мен барлық дең­гей­дегі білім беру ұйым­дары мамандар дайындау сапасын жоғары деңгейлі халықаралық стан­дарттар та­лап­тарына сәйкес болуы бағы­т­ында тиімді жұмыстар жүргізіп келеді.

Бұл ретте, сапалы білім беру дең­гейіне қол жеткізу тетіктерінің бірі ретінде жетекші жоғары оқу орындарының рей­тинг­терін атауға болады. Заманауи әлем­де мұндай рейтингтер бірнеше маңызды функцияны атқарады. Бұл, ең алдымен, оқуға түсуді көздеп жүрген та­лап­­кер­лер мен олардың ата-ана­ла­ры үшін бағдар, екіншіден – мем­­­лекет­тегі білім беру саласы са­па­­сы­ның маңызды индикаторы, үшін­ші­д­ен – жұмыс берушілер үшін сапа­лы мамандарды жұмысқа тарту бағы­тын­дағы бағдар, төртіншіден – ғы­лы­­ми-инновациялық тұрғыдағы даму­­дың негізгі көздерінің индикаторы.

Әлемдегі университеттер мен оның білім беру бағдарламаларының QS World University Rranking, Times Higher Education World University Rranking, Academic Ranking of World Universities және тағы сол сияқ­ты танылған рейтинг­тері акаде­мия­лық қоғамдастық пен жұмыс берушілер арасында өте танымал екендігі даусыз.

Осы қатарда жыл сайын отан­дық жо­ғары оқу орындарының білім беру бағ­дарламаларын зерт­теу­де «Атамекен» Қазақ­стан Рес­пуб­­ли­касының Ұлттық кәсіп­кер­лік палатасы тарапы­нан жүргізі­летін рейтинг ерекше маңызға ие. Онда ел экономикасының әртүрлі саласындағы жұмыс берушілер мен сарапшылардың жүргізген бағалауы нәтижелері бойынша ағымдағы нақты жағдайды, яғни еңбек нарығында қандай маман­дық­тар сұранысқа ие және қай уни­верситеттер оларды сапалы және жақсы дайындайтыны анық­тала­ды. Жақында шыққан білім беру бағдарламаларының 2021 жылдың қортындысы бойынша басқа да жетекші жоғары оқу орын­дарымен қатар, М.Әуезов атын­­дағы Оңтүстік Қазақ­стан уни­вер­­с­итетінің бірқатар білім беру бағ­­дар­­ламасы да белсенді түрде қа­ты­сып, жақсы нәтижелерді көрсете алды.

Жалпы, университетіміз 2021 жылғы «Атамекен» рейтингі нәти­желері бойынша Қазақстан Респуб­лик­асы жоғары оқу орындары арасында «ТОП-5» тобына кіргенін ерекше атап өткім келеді.

Рейтингке қатысқан 48 білім беру бағ­дар­ламасының үшеуінің – «Бейор­гани­калық заттардың химия­лық технологиясы», «Хоре­графия», «Жеңіл өнер­кәсіп бұйым­дарының технология­сы және конс­трукциялануы» білім беру бағ­дарламаларында бірінші орынды, ал «Биотехнология», «Эко­логия», «Математикалық және компью­терлік модельдеу», «Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы», «Мұнай-газ ісі», «Топырақтану және агрохимия» білім беру бағдар­ла­маларының үшінші орын­ды иелен­генін, 11 білім беру бағ­дар­лама­сы­ның еліміз бойынша алғаш­қы бес­тікке, ал 15 білім беру бағдар­ла­ма­­сының алғашқы ондыққа енге­нін мақ­танышпен атап өтуге болады. Жал­пы, оқу орнымыздың білім беру бағдар­лама­ларының жар­ты­сынан астамы рейтингтің ал­дың­ғы қа­тарына енгенін де ерекше атап өт­кен орынды деп ойлаймын. Бұл нә­ти­желердің барлығы ма­ман­дар да­йын­даудың жоғарғы сапа­сын, профессор-оқытушылар құра­мы­ның жоғарғы әлеуетін, ең бас­тысы, біз­дің дайындаған маман­дар­дың еліміздің еңбек нарығында жақсы сұ­ранысқа ие екенін айқын көрсетеді.

Президенттің Парламент Мәжі­лі­­сінің отырысындағы сөйле­ген сөзінде жуықта Қазақстанда же­тек­ші шетелдік жоғары оқу орын­дарының филиалдарын ашу бас­та­­латындығы және Ресейдің үздік техникалық жоғары оқу орын­дарының филиал­дарын ашу жос­парланып отыр­ған­дығы туралы және білім беруге деген жалпы көзқарасты өзгерту мәселе­лері­не де айрықша көңіл аударды. Соның ішінде, әсіресе, техникалық бағыт­тағы мамандықтарға басымдықтар беру, жаңа тұрпаттағы инженерлер мен өнер­кәсіп мамандарын да­йын­дау жөніндегі ұсыныстары кеңінен қолдау табады деп ойлаймын. Аталған мәселенің, не­гізі Қазақ химия-технология институты болып қаланған, Қазақстандағы ал­ғашқы техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып саналатын біздің университетіміз үшін маңызы ерекше екендігін айтқымыз келеді.

Сексен жылға жуық тарихы, қалып­тас­қан дәстүрі бар, білім беру және ғылы­ми-зерттеу инфра­құ­ры­лымы дамыған, ғылыми мектебі қалыптасқан, жоғары техно­логиялар саласында күрделі мәсе­ле­лерді шешуге қабілетті кадрлық әлеуе­т­ке ие көпсалалы ірі университет болып саналатын М.Әуезов атын­дағы Оңтүс­тік Қазақстан уни­вер­­ситеті ұжымы да Президент баян­да­масында белгілен­ген міндет­терді іске асыру бойынша бірқатар іс-шараларды жоспарлап отыр.

М.Әуезов атындағы ОҚУ ма­ман­­дарды дайындаудың үш дең­­гей­лік жүйесі негізінде бак­алавриат­тың, магистра­тура­ның және PhD докторантураның 300-ден астам білім беру бағдарламасы бо­йынша жоғары сапалы, еңбек нары­ғында сұранысқа ие маман­дар дайындаумен айналысып келеді. Университеттің білім мен ғылым саласындағы қарыш­тап дамуы әлемнің үздік универ­ситет­терінің аса беделді халықаралық рейтин­гінде (QS World University Rankings) алға жыл­жуына мүмкіндік беріп, уни­вер­ситет ұжымы 2021 жылы әлем­­нің үздік университеттері ара­­сында құрметті 482-орынға ие бол­ды. QS рейтингіне енген 14 қазақ­стан­дық ЖОО арасында ОҚУ – 3-орында.

Дамушы Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS EECA Emerging Europe&Central Asia рейтингінде біздің университет 2021 жылдың қорытындысы бо­йынша әлемнің 451 ЖОО арасында 96-орынды иеленген. Ал аталған рейтингке қатысушы қазақстандық 38 ЖОО арасында университет 6-орында тұр.

Жоғары оқу орындарының халықара­лық ARES Academic Ranking European Standard рейтин­гіне 2014 жылдан бастап қатыссақ, содан бері аталған рейтингтің А сана­тынан төмен түспеген, ал 2020 жы­лы осы рейтингке қатысушы әлем­нің 533 ЖОО арасында біздің оқу ор­нымыз А+ жоғарғы санатына енді.

Қазақстанның Білім сапасын қамта­ма­сыздандыру бо­йын­ша тәуелсіз агент­ті­гінің үздік көп­салалы жоғары оқу орын­дары­ның Бас рейтингінде М.Әуезов атын­дағы Оңтүстік Қазақстан уни­вер­­си­теті мемлекеттің үздік универ­ситет­­терінің үштігіне кіреді.

Сонымен қатар университет 2020 жылдан бастап универ­ситеттердің UI Green Metric World University Rankings рейтингіне қатысуды бастап, бірден әлемнің үздік университеттерінің ТОП-500 тобына кіріп, 458-орынды иеленс­е, 2021 жылы 125 сатыға жоғары­лап, 333-орынға ие болды. Ал атал­ған рейтингке қатысқан 13 қазақ­стан­дық ЖОО арасында 3-орынға ие.

Жақында университет ұжымы тағы бір қуанышты хабардың куәсі болды: Greenmetric әлемдік рейтингінің Ranking by Campus Setting – in City Center 2021 сана­тын­да М.Әуезов атын­дағы Оң­түс­тік Қазақстан университеті әлем­нің 170 жоғары оқу орнының іші­нен 34-ші, ал Қазақстанның 7 жоғары оқу орнының ішінен 1-ші орынды иеленді.

World wide Professional University Rankings агенттігінің «Химия ғылым­дары» бойынша RankPro-2021 пәндік рейтингінде М.Әуезов атындағы ОҚУ әлемдік университеттердің ТОП-401-500 тобына кіріп, аталған рейтингтегі Қазақстан Республикасының жалғыз өкілі болып табылады.

Бүгінгі таңда университеттің басты ұстанымы – білім берудің ха­лық­аралық талаптарға сай деңгейі мен инновациялық ғылым. Универ­ситет өзінің болашағын, білім беру мен ғылым өзара тығыз бай­ланыс­қан зерттеу университетіне айналумен тікелей байланыстырады. Қазіргі таңда уни­верситет студенттерге тек қана заманауи дәрежедегі білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оларға сол білімді өздері із­деніп алуға, жаңа идея­ларды ой­лас­тыруға және ең бастысы, сол идея­­­ларды нақты бизнес-жобалар ар­­қылы іске асыра алуға үйретуге ұмтылуда.

Университетте дуалдық білім беру, үш тілде оқыту, ағылшын тілінде білім беру сияқты алдыңғы қатарлы оқыту түр­лері кеңінен қол­данылып келеді. Соны­мен қатар студенттік стартаптарды ен­гізу бойынша да бірқатар тәжірибе жи­нақ­талған. Әлемдік білім беру тренді бо­лып табылатын және ғылым, технологиялар, инженерия мен математиканың интеграциясына негізделген STEM-оқыту тәжірибесін іске асыру басталды.

Университет тарапынан іске асырылып жатқан мамандықтардың жоғары сапасы Германияның инженерия, жаратылыстану ғылым­дары, математика мен информатика салаларындағы білім беру бағ­дарламаларын аккредиттеу бо­йын­ша ASIIN аккредиттеу агенттігінде ха­лықаралық аккредиттеуден өтуі арқы­лы дәлелденген.

Біздің университет көрсетілетін білім беру қызметінің сапасын дәлел­деу бойынша белсенді ұста­ным­­ға ие: қазіргі уақытта жоғары оқу орнының Сапаны қам­т­амасыз ету бойынша еуропалық қауым­дас­тықтың (ENQA) толыққанды мүше­сі болып табылатын және агент­тік­тердің еуропалық Реестріне (EQAR) кіретін IQAA және ASIIN агенттік­тері­­нің институционалдық аккре­диттеу сер­тификаты және бака­лав­риат, ма­гис­тратура мен док­торантура бойынша 153 білім беру бағдарламасының маман­дан­дырылған аккредиттеу бойынша сертификаттары бар. Мұның барлығы біздің ұсынып отырған білім беру бағдарламаларымыздың сапаны қамтамасыз ету бойынша ESG еуропалық стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындайды.

Қазіргі кезде жоғары білім беру мазмұнын қолжетімді, әрі сапалы білім беру тұрғысынан әлемдік беталыстар немесе үрдістер аясында жаңғырту міндеті негізгі стратегиялық құжат – «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына», сонымен қатар жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігінің бірқатар өзекті құжаттарына бейім­делуді қарастырады.

Біздің басты бағытымыз – уни­вер­­­ситет­ті зерттеу және кәсіп­кер­­лік уни­вер­­си­тетіне айналдыру мақ­сатымен ті­ке­­лей бай­ланысты, ал ол мақсат өз ке­зегін­­де ел экономикасына қажетті ма­ман­­­дарды дайындау мен жас қазақ­стан­­­дықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу жолын­да жоғары көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім беру кеңістігінің үздіктер қата­рындағы, ғылы­ми және мате­риалдық әуелеті жоға­ры деңгейдегі, ұзақ жылдар бойғы тарихы барысында қалыптасқан салттары мен дәстүрлері бар, ең басты байлығы – бәсекеге қабілетті жоғары оқу орны болып табылады.

Білімді ұрпақ – еліміздің болаша­ғы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қана­тын кере жайып, ел мәдениеті өркен­деген қазіргі заманда тек білім­ді жас­тар ғана ұлты­мызды асқақ­татады, елімізді көкке көтере­ді. Қоғамның негізгі өзегі – жас­тар. Қазақстанның болашағы жас­тар енші­сінде екенін ескерсек, сол жас­тар­дың сапалы білім алып, тәр­биелі, пара­сатты азамат болып қа­лыптасуына қоғам­ның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бір­лесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөз­сіз. Сон­дықтан Қазақстанның жар­қын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ.

Дария ҚОЖАМЖАРОВА,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры