Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова наурыз айында болатын мерекелерге байланысты қала тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тәжірибе көрсеткендей, әр мерекеден кейін елордадағы эпидемиологиялық жағдай карантиндік шаралардың сақталмауына байланысты едәуір нашарлап кетеді. Сіздерді мереке қарсаңында қарапайым қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауға шақырамын. Наурыз мерекелері эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирустық инфекцияны жұқтырудың өсуіне әкелмеуі керек. Ал вакцинациядан әлі өтпегендер өз денсаулығы үшін дұрыс шешім қабылдау тиіс», деді ол қала әкімдігінде өткен брифинг барысында.