Чехия Үкіметі Ресей азаматтарына виза беруді тоқтатады. Бұл туралы Республиканың Премьер-Министрі Петр Фиала хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Чехия Үкіметі гуманитарлық жағдайларды қоспағанда, Ресей Федерациясының азаматтарына виза беруді тоқтату туралы шешім қабылдады», деді Чехия Премьер-Министрі.
Премьер-Министрдің айтуынша, министрлер кабинеті Ресей Федерациясының Карловы Варыдағы және Брнодағы Ресей қызметкерлерін елден шығару туралы шешім қабылдады.
Сонымен бірге Чехияның министрлер кабинеті Ресейдің Санкт-Петербург және Екатеринбург қалаларында орналасқан Чехияның Бас консулдығының қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.