• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Ақпан, 2022

Құрт өсірген Қонысбай

2040 рет
көрсетілді

Қалауын тапса, құртты да өсіруге болады. Қонысбай Тәжібаевтың бұл істі қолға алғанына төрт жылдан асқан. Әсіресе, балықшылар үшін таптырмайтын жауынқұртты өсірудің қыр-сырына интернет арқылы қаныққан.

Қазір ол 700 мыңға жу­ық құртты өсіріп отыр. Құрт­тар­ды Ресейден ал­дырған.

– Бұл – өте сезімтал жән­дік. Баптап жүр­ген иесін та­ниды. Бөтен адам келсе, ма­за­сыздан­ғанын бай­­қай­мын. Құрт­тар­ды өсі­ру үшін ерінбеу керек, – дейді Қонысбай Тәжібаев.

Оның айтуынша, жауынқұрт күбірде өседі. Сол себептен, малдың тезегін таза сумен шайы­п, аммиак қышқылынан тазартады. Сөйтіп, оны биогумусқа айналдырып, құрттарды жібереді.

– Жауынқұрт ылғалды жақсы көреді. Оған жемтік ретінде қағаз қалдықтары мен қураған жапырақты саламын. Арнайы орынның температурасы +15-тен +25 градус аралығында болуы керек. Ал қыста 70 см тереңдікке өседі, – дейді құрт өсіруші жігіт.

Енді Қонысбай Тәжібаевтың құрт өсіру ісін кеңейтпек ойы бар. Өйткені оған балықшылардан сұраныс артып отыр. Құрт өсіруге қажетті кү­бірдің бір қапшығын 500 теңгеден сатып алады.

 

Атырау облысы