2022 жылы 26 ақпан күні шаңды дауылдың көтерілуі және жолдағы көріну деңгейінің нашар болуына байланысты Жетібай-Жаңаөзен республикалық тас жолының 45-шақырымында бірнеше автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Matrix, Hyundai Accent, Daewoo Nexia, Audi 100, Ваз 2110 маркалы бір бағытта бірінен кейін бірі келе жатқан 6 автокөлік соқтығысып қалды. Оқиға орнында Қарақия ауданы Полиция бөлімінің анықтаушылары жұмыс істеуде. Аса ауыр зардап шеккендер жоқ. Қазір зардап шеккендердің жалпы саны мен олардың жағдайы анықталуда» деп жазылған хабарламада. Тергеу амалдары жүргізілуде.