Француз социалистік партиясының өкілі Анн Идальго Париж қаласының жаңа мэрі қызметіне тағайындалады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. Бұл ресми ақпарды муниципалды сайлау қорытындыларына сүйене отырып, Франция ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ел тарихында бұл қызметке тұңғыш рет әйел адам тағайындалмақ. Сайлау қорытындылары бойынша, Анн Идальго 53,3 пайыз дауыс жинап, бәсекелесі Натали Костюшко-Моризеден басым түсті. Сайлау ресми түрде 5 сәуір күні қалалық кеңес отырысында өтеді. Ол муниципалды сайлау қорытындыларымен жүргізіледі. Анн Идальго 2001 жылдан бері Париж мэрі қызметін атқарған Бертран Деланоэның орынбасары болып қызмет істеген. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Itar-tass.com. Фото: EPA/IAN.