• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2014

Пәкстан экс-президентіне айып тағылды

614 рет
көрсетілді

Исламабадтағы арнайы сот Пәкстанның бұрынғы президенті Первез Мушаррафқа ресми түрде мемлекетке сатқындық жасады деген айып тақты. Бұл туралы Utro.ru хабарлады. 2007 жылдың 3 қарашасында экс-президент Пәкстан конституциясының қызметін тоқтатып, елде төтенше жағдай енгізген болатын. Ал Пәкстан заңдарына сәйкес, мемлекетке сатқындық жасады деп танылған адам өмір бойына түрмеге қамалу немесе өлім жазасына кесіледі. П.Мушарраф биылғы жылдың 2 қаңтарында жүрек талмасына ұшырап, ауруханаға жатқызылды. Экс-президенттің қорғаушылары сотқа оны емдеу үшін АҚШ-қа жіберу жөнінде өтініш білдірген болатын. Алайда, сот өтінішті қабылдамай, экс-президентті әскери кардиологиялық ауруханаға жатқызуға рұқсат етті. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Utro.ru. Фото: Ap.org.