Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анталияға сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркияға ADF 2022 дипломатиялық форумына қатысу үшін барды.
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісінде жазды.
Анталияның дипломатиялық форумы - жаһандық және өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға арналған пікірталас алаңы.
Аталған форум «дипломатияны қайта кодтау» ұранымен өтеді.