Орта салмақ дәрежесіндегі WBO тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы, ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнум ұйымның уақытша әлем чемпионы атағы үшін қазақ оғланы Жәнібек Әлімханұлымен қолғап түйістіруге дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Дэнни Дигнумның промоутері Ли Итон ақпарат таратты.
«Дэнни Дигнум WBO рейтингінде бесінші орында тұрғаны мәлім. Егер дұрыс сома ұсынылса, ол Жәнібекке қарсы шаршы алаңға шығудан бас тартпайды», деді ол өз ойымен бөлісіп.