Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде коронавирус инфекциясымен күресуде қазақстандық әріптестеріне көмектескен ресейлік дәрігерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан Республикасының елшілігінің мәліметі бойынша 2-дәрежелі «Достық» орденімен және «Шапағат» медалімен Мәскеу және Мәскеу облысы ауруханаларының анестезиолог-реаниматологтары, инфекционисттері, пульмонологтары, эпидемиологтары, барлығы 28 адам марапатталды. «2020 жылдың жазында Қазақстанда індеттің шарықтау шегінде олардың дер кезінде көмек көрсетуі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға үлкен үлес қосты», - делінген дипломатиялық өкілдік сайтында. Дәрігерлер алдында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Ермек Көшербаев олардың ең қажетті әрі маңызды мамандықтың өкілі екенін атап өтті.