• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Сәуір, 2014

Қамқорлық аясында

346 рет
көрсетілді

Жақында ұлттық валюта – теңге баға­мына енгізілген өзге­рістер  жұрт­шылық ара­сын­да белгілі бір алаң­даушылық туғызғаны рас. Алайда, оның алдын алуға байланысты дер кезінде атқарылған нақты іс-шаралар өз нәтижесін берді. Қо­ғам­да қайтадан жайлы ахуал қалыптасып, көп­шіліктің көңілі орнына түсті. Халықаралық бизнес университеті мұның алдында ғана тыңғылықты шаруалар атқарған еді. Білім ордасының басшылығы қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамының жала­қысын көтеруді жыл басында ойластырып, оны 1 ақпаннан бастап 20 пайызға көтеруді ұйғарған болатын. Сол арада теңге бағамының әлгіндей көтерілуі көрініс тапты. Университет сәйкесінше өзі­нің қызметкерлеріне қам­қорлық аясын кеңейтті. Елбасының өскелең жас ұрпаққа қатысты тұрақты ұстанған сали­қалы да сарабдал сая­саты университетте қа­шанда зор қолдауға ие. Мұнда бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойын­ша оқыту бағасы бұрынғы күйінде сақ­талып отыр. Ха­лық­аралық бизнес уни­вер­ситетінде оқуға тілек білдіру­шілерге орнықты әрі сапалы білім алуына еліміздегі және әлемдегі түрлі экономикалық конъюнктураның ауытқуларына қарамастан кепілдік беріледі. Студенттерге әлеуметтік тұр­ғыдан көп көмек көрсетіледі. Осындай игілікті істердің нәтижесінде университеттің беделі жылдан-жылға артып келеді. Иә, істің көзін тапқан міне, осы. Марат АҚҚҰЛ, «Егемен Қазақстан».