Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаты Гауһар Нұғманова ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», деді Гауһар Нұғманова.
Жалпы отырыста палата депутаттары Г.Нұғманованы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайлады.