• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Наурыз, 2022

5 мың шақырымнан астам республикалық жол тазартылды

413 рет
көрсетілді

9-14 наурыз аралығында барлық автокөлік түрлері үшін Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жүруге шамамен 45 рет шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күн сайын ауа-райының қолайсыздығына 600-ден астам арнайы техника мен 1 мыңға жуық жол жұмысшылары жұмылдырылып, Республикалық маңызы бар 5 мың шақырымнан астам жол тазартылды.

Еске сала кетсек, Республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 25 мың км құрайды, сонымен қатар, қолайсыз ауа райында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ бірыңғай тәулік бойы call-орталығы 1403 қысқа нөмірі бойынша 2 мыңнан астам қоңырауға жауап берді.

Қазіргі уақытта Республикалық маңызы бар барлық жолдар ашық.