Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы агломерациясына қатысты түйткілдердің көптігін айтты деп хабарлайды Egemen.kz.
«Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады», деді Мемлекет басшысы.