• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Білім 24 Наурыз, 2022

Жоғары білімді де жаңғырту қажет

248 рет
көрсетілді

Елордада жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ректорлары кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар елдегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жағдайында жоғары білім беруді дамытудың негізгі міндеттерін белгіледі.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйым­дарының ректорлары кеңесі­нің төрағасы, «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректор Ерлан Сыдықов «Жаңа Қа­зақстан» тұжырымдамасы ая­сын­да жоғары білім беруді жаң­ғыртудың басым міндеттеріне назар аударды. Академик уни­вер­ситеттік білімді қайта қарас­тырып, ел Президентінің жоғары білім беру саласын дамыту жө­нінде берген нақты тапсырмаларын іске асыру бойынша шаралар кешенін ұсынды. Атап айтқанда, академик жоғары оқу орындарының өндіріспен өзара іс-қимылын күшейту, білім беру бағдарламаларын жақсарту, жо­ғары оқу орындарын әлемдік қауым­­дастық көшбасшыларымен ин­теграциялау бойынша басым шаралар қабылдаудың маңыз­ын атап өтті.

«Студенттерді өндірістік тәжі­рибеге қабылдайтын ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің ұлттық тізілімін құруды ұсына­мын. Бұл ретте тәжірибе заманауи технологиялық желілері мен заманауи технологиялық инновациялары бар жерде өткізілуі тиіс. Өндірістік тәжірибенің уақытын кем дегенде екі есеге арттырып, оған жоғары оқу орындарының жетекші педагогтері мен ғылыми қызметкерлерін ғана басшы ретінде бекіту керек», деді ректорлар кеңесінің төрағасы.

Отырысқа қатысушылар бел­сенді қоғам қайраткерлерін тарта отырып, университеттерде қо­ғамдық сенімнің академиялық кеңестерін құру мәселесін тал­қылады.

ЕҰУ ректоры жоғары оқу орын­дарының ғылыми-сарап­тама­лық әлеуетін пайдала­ну­дың маңыздылығын айта ке­ліп, қоғамдық пікірді зерттеу орта­лықтарын ашуды ұсынды. Реб­рен­динг аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедра­ла­рын өңірлік және этно-мәде­ни даму проблемаларын зерт­тейтін ғылыми-аналитикалық орталықтарға өзгерту туралы идеяны жария етті.

Сондай-ақ ол кейбір өңірлік жоғары оқу орындарына ұлттық университет мәртебесін беру мәселесіне де тоқталды. «Бізде осы мәртебеге лайықты университеттер баршылық. Бұл өңірлерде жоғары білім берудің жаңа локомотивтерін қалыптастыруға үлкен серпін береді», деді ректорлар кеңесінің төрағасы.

Еліміздің жоғары оқу орын­дарындағы студенттік өмірдің іс-шаралар кешенін жаңарту, атап айтқанда, студенттік іс-шаралар күнтізбесін кеңейту ұсынылды. Мәселен, 5 қыркүйек – белгілі ғалым, саясаткер, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнін «Студент жастар күні» деп белгілеу қажеттігі айтылды.

Ғалымдар гуманитарлық және әлеуметтік мамандықтар үшін ғана болған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «100 жаңа оқулық» жобасын техникалық, жаратылыстану ғылымдары және медициналық мамандықтар бойынша жалғас­тыру мәселесін қозғады.

Отырыс барысында белгілі мамандар, ғалымдар, спортшылар мен өнер қайраткерлері үшін біліктілік курстарын өткізу үшін «Тәлімгер» ұлттық бағ­дарламасын қалыптастыру туралы ұсыныс жасалды.

Қазақстандық білім беруді және отандық жоғары оқу орын­дарын дамытуға қатысты М.Қо­зыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақ­стан университетінің ректоры Ерлан Шуланов айтты. Оның айтуынша, білім беру саласына жаһандану және жедел цифр­ландыру әсер етеді. Спи­кер қазақстандық білім беру на­рығында жаңа шетелдік ойын­шылардың пайда болуы еліміздің жоғары оқу орындарын трансформациялау циклын және жоғары оқу орындары арасындағы бәсе­ке­лестікті жеделдететінін атап өтті.

Сафи Өтебаев атындағы Аты­рау мұнай-газ университетінің рек­торы Гүлзада Шакуликова ше­тел­дік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытудың және білім трансферті үшін филиалдар ашудың маңыздылығына тоқталды.

Ректорлар кеңесінің отырысында ҰҒА академигі, Satbayev University (Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) бұрынғы ректоры, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы, көрнекті ғалым Досым Сүлеевке «Қазақстанның Құрметті ректоры» атағын беру туралы шешім бірауыздан қабылданды.

Сондай-ақ отырыс аясында көр­­некті тұлғаның өмірі туралы «Өне­­гелі өмір» сериясындағы фильм мен кітаптың тұсаукесері өтті.

Іс-шара соңында ЕҰУ студент­теріне Д.Сүлеев, М.Мол­дабеков, А.Елібаев және С.Бай­жанов атындағы атаулы сти­пендиялар табысталды.