• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Наурыз, 2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама жарияланды

1227 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2021 жылғы Ұлттық баяндама жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, құжаттың мақсаты – қоғамды 2021 жылы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы хабардар ету. 

Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен жұртшылықтың осы бағыттағы жұмысы баяндалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғаммен әріптестік, жауапкершіліктің бұлтартпастығы бойынша қабылданған заңнамалық және практикалық шаралар, сондай-ақ БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясының ережелерін, Еуропа ГРЕКО Кеңесінің басшылық қағидаттарын және ЭЫДҰ ұсынымдарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар ұсынылды.

Бұдан бөлек, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелерінде халықаралық ынтымақтастық бойынша күш-жігері, елде және әлемде сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін тәуелсіз бағалау қорытындылары көрініс тапты.

«Ұлттық баяндамада Президенттің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасына және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына назар аударылды.

Құжат мемлекеттік қызметкерлерге, сарапшыларға, рейтингтік агенттіктерге, қоғам қайраткерлеріне, ғалымдарға және басқа да мүдделі тұлғаларға қызықты әрі пайдалы болады», делінген агенттік хабарламасында.