Атырауда қалалық сот үш адамды өлтірді деп айыпталған күдіктіні екі айға қамау жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда үш адамды өлтіріп, біреуін жаралады деп күдікке ілінген Маңғыстау облысының 28 жастағы тұрғыны сот санкциясымен екі айға қамалған.
Аймақтың денсаулық сақтау басқармасы оқ тиіп, ес-түссіз жансақтау бөліміне түскен жаралы жігіттің жағдайы орташа ауыр екенін жеткізді. Дәрігерлер науқасты нейротравматология бөліміне ауыстырған. Қазір зардап шеккен жігіт сөйлей алады.