Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты сауда ойын-сауық орталықтарының жанындағы вакцинация пункттерінің бір бөлігі өз қызметін тоқтатты. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазіргі уақытта вакцинация пункттері «Абу Даби Плаза» СОО және «Нұрлы жол» ТЖ вокзалында, сондай-ақ, бастапқы буындағы 26 денсаулық сақтау ұйымдарында орналасқан.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы азаматтардың ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтіп, азаматтарды иммундау жұмыстарының ерекше маңыздылығын еске салды.