• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Наурыз, 2022

Уилл Смит пен Крис Рок мәселені шаршы алаңда шешсін - Джейк Пол

447 рет
көрсетілді

Аралас жекпе-жек әлемінде аты шыға бастаған белгілі блогер Джейк Пол «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімінде орын алған әйгілі актер Уилл Смит пен іс-шара жүргізушісі Крис Рок арасындағы кикілжіңге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.

«Мені Уилл Смиттің өкілдерімен байланыстыруларыңызды өтінемін. Менде екеуіне арнайы 15 миллион доллардан төлейтін қаражат бар. Екеуі кім мықты екенін шаршы алаңда анықтасын. Тамыз айында өтетін менің бокс кешімде екеуі рингте кездесіп, мәселені шешсе деген тілек бар», деп жазды ол өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімінде жүргізуші Крис Рок Уилл Смиттің әйеліне қатысты сәтсіз әзілдегені үшін актер оған қол жұмсаған болатын.