• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 29 Наурыз, 2022

Мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтіледі

372 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру» бағытында 2 іс-шара іске асырылады.

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы аясында министрлік «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң және оған ілеспе заң жобаларын әзірлеуде. Заң жобалары жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару функцияларының аражігін ажырату, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүліктік құқықтарын және мәслихаттар өкілеттіктерін кеңейту; жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін оңайлату жөніндегі нормаларды көздейді», деді Әлібек Қуантыров.