• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2022

Алматыдағы дауыл әуежайдағы ұшақты орнынан қозғап жіберді

323 рет
көрсетілді

Алматы әуежайында қатты желдің әсерінен ұшақ айналып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпаратты Scat әуе компаниясы растады. Boeing 737 ұшағы тұрақта болған.

«Дөңгелектердің астында бекітілген техникалық талаптарға сай орнатылған тежегіш қалқандар болған. Қатты екпіндеген дауыл ұшақты 30 градусқа айналдырып жіберді. Бортта жолаушылар болған жоқ. Ешкімге зақым келмеді», деп атап өтті әуе компаниядан.

Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

 

«Ұшақ пен техникаға зақым келген жоқ. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.