• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2022

Маңғыстауда жол бойына «электр бақташы» орнатылды

716 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жолдағы қауіпсіздік үшін жануарларды үркітетін «электр бақташы» (электропастух) құрылғысын орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл құрылғы жануарларға қауіп төндірмейді. Тоқ күші шамамен 12 вольт. Орнатылған құрылғының жалпы ұзындығы – 25 шақырым. Құрылғы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолы мен «Жетібай-Жаңаөзен» тас жолы бойында орнатылған.

Ал былтыр республикалық маңызы бар автожолдар бойына 14 дана үй жануарларының муляжы (түйе, жылқы) және 13 000 метр жол қоршаулары қосымша орнатылған еді. Муляждар жүргізушілерге жануарлардың кенеттен жолда болуы мүмкін екенін еске салуға арналған.

Жол қоршаулары «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 673-674 шқ 400 метр, 709   шқ   2200   метр,   729   шқ   400   метр,   738   шқ   422   метр,   ал   «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан   шекарасы» автожолының 51-56 шқ 9450 метріне орнатылды.