• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 31 Наурыз, 2022

Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттаған

591 рет
көрсетілді

Қазақстанда тазартылған май өндірісі қысқарып, бағалар бір жылда 23%-ға көтерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Energyprom сарапшылары жүргізген зерттеуге сәйкес, елімізде күнбағыс майын өндіру бір жыл ішінде 3,1%-ға өсіп, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында 67,5 мың тоннаға дейін жеткен.

Тазартылмаған күнбағыс майы өндірісінің 80%-дан астамы Шығыс Қазақстан облысына (35,8 мың тонна) келді.

Тазартылған күнбағыс майын өндірудің 92,1%-ы үш негізгі өңірде шоғырланған: Шымкент (9,6 мың тонна), ШҚО (8,7 мың тонна) және Алматы (2,9 мың тонна).

2022 жылғы қаңтарда отандық өндірушілер күнбағыс майына сұранысты 90,1%-ға қамтамасыз етті.

Сектордағы импорт үлесіне ресурстардың тек 9,9%-ы ғана келді, бұл 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда айтарлықтай аз (19,3% болды).

Алайда, сектордағы экспорт та 39,3%-ға, 6 мың тоннаға дейін қысқарды. Осы жылдың бірінші айында ішкі нарықта 33,3 мың тонна сатылды.

«Сонымен қатар, осы жылдың ақпан айында күнбағыс майының бағасы Қазақстан бойынша орташа есеппен бір жылда 23%-ға өсіп, литріне 771 теңгені құрады», деп нақтылады сарапшылар.

Күнбағыс майы Батыс Қазақстан (жылына 35,6%-ға), Жамбыл (28,9%-ға) және Ақмола (27,5%-ға) облыстарында қымбаттады.

Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистері арасында күнбағыс майының ең жоғары бағасы Атырауда (литріне 844 тг), елордада (литріне 818 тг) және Ақтауда (литріне 815 тг) байқалады.