• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 01 Сәуір, 2022

Даррен Тил Чимаевпен жекпе-жекке шығуға дайын

322 рет
көрсетілді

Орта салмақ дәрежесіндегі UFC-дің бұрынғы чемпионы Даррен Тил швециялық аралас жекпе-жек шебері Хамзат Чимаевпен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Жыл соңына дейін Хамзат әлем чемпионы атанады деген ойдамын. Егер ол Гилберт Бернсті жеңсе, Леон Эдвардс пен Камару Усман арасындағы кездесуді күтеді. Өйткені Леон чемпиондық шайқасқа шығу мәртебесін бұрын иеленіп қойған. Мен үшін Хамзаттың чемпиондық жекпе-жекте Камару немесе Леонның қайсысымен кездесетіні қызық. Қалай болған күнде де аталмыш шайқастың тартысқа толы болатыны сөзсіз. Ал өзім Хамзатқа қарсы октагонға шығуға қай кезде де дайынмын», деді ол өз ойымен бөлісіп.