1 сәуірдегі мәлімет бойынша елімізде «Pfizer» вакцинасымен егілген адамдардың саны 1 миллионға жуықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, «Pfizer» 946 677 адамға егілген.
Атап айтқанда, вакцинаның І компонентін салдырған жасөспірім – 783 795, жүкті әйел – 35 844, бала емізетін әйел – 127 038;
ІІ компонентін салдырған жасөспірім – 678 576, жүкті әйел – 29 904, бала емізетін әйел – 104 892.
Айта кетсек, Қазақстанда «Pfizer» вакцинасын салдыра алатындар санаты кеңейтілген еді.