Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың мәліметінше, вакциналарды 365 760 адам алуы тиіс.
Былтырғы ақпаннан бері вакциналардың бірінші компонентін 270 287 атыраулық ектіріп отыр. Бұл – вакцина алушылар тізіміндегі адамдардың 73,9 пайызы.
«Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың екінші компонентін 257 768 адам (70,4%) салдырды. Ал, биылғы сәуірге дейін ревакцинациялаудан өтетін 215 766 адам тіркелді. Қазір оның 25,1 пайызы немесе 54 237 адам ревакцинациядан өтті. Pfizer вакцинасының бірінші компонентін 7 926, екінші компонентін 6 592 адам ектірді», дейді Асхан Байдуәлиев.
Оның айтуынша, соңғы екі аптада Pfizer екпесінің бірінші компонентін алу көрсеткіші 2,3 есеге өскен. Алайда, аталған вакцинаның екінші компонентін салдыру 1,3 есеге төмендегені байқалады.