• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2022

Қаңтар оқиғасында әуежайды басып алуға жол берген полицей ұсталды

881 рет
көрсетілді

Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Ол қаңтар оқиғасы кезінде өзінің қызметтік міндеттерін орындамай, әуежайды күзетсіз қалдырды. Осылайша, әуежайды басып алуға жол берді. Салдарынан әуежайға айтарлықтай зиян келтірілді. Оның инфрақұрылымы бұзылды, кәсіпкерлердің мүлкі ұрланды, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді», деді ол ОКҚ-дағы брифингте. 

Елдос Қилымжановтың айтуынша, сол кезде әуежайда 165 қауіпсіздік қызметкері, оның ішінде 40 полиция қызметкері, 65 шекарашы, 60 авиациялық қауіпсіздік қызметкері болған. Олардың бәрі шабуылға тойтарыс беру үшін жеткілікті атыс қаруымен қамтамасыз етілген.