Белгілі журналист Қанат Құлшыманов ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды журналистика мамандығы бойынша бітірген.
Ол өзінің еңбек жолын 2007 жылы «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастаған.
Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылдың маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы болған.