• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Сәуір, 2022

Ассамблея Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсынды

342 рет
көрсетілді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен ведомство отырысы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінен шыққан депутаттардың орнына сайланатын кандидаттарды тіркеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Парламент Мәжілісіне екі кандидатты ұсынды.

Дауыс беру 28 сәуірге жоспарланған.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің шешімімен Мәжіліс депутаттығына келесі кандидаттар ұсынылды:

1) Кузиев Закиржан Пирмухамедович – 1969 жылы туған. Алматы қаласының тұрғыны, ұлты - ұйғыр. «Универсал» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы;

2) Тварионас Виталий Ионо – 1964 жылы туған. Қарағанды қаласының тұрғыны, ұлты - литвалық, «Викинг» «Мемлекеттік емес күзет құрылымы» ЖШС заңгері.

Ортсайлауком мүшелері жоғарыда аталған кандидаттарды тіркеу туралы қаулы қабылдады. Енді үміткерлер сайлау бюллетеніне енгізіледі.

Айта кетсек, сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» бағаны енгізіледі. Сайлау бюллетеньдері мемлекеттік және орыс тілінде басылады.