• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Сәуір, 2022

Қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлай алады

310 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта әзірленіп жатқан конституциялық заңдарға енгізілген жаңа өзгерістер қазақстандықтарға Парламент Мәжілісіне 29 депутат сайлауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Парламент бөлігіндегі реформада алға қойылған бірінші және ең басты мәселе - депутаттарды сайлау жүйесінің өзгеруі. Егер қазір Мәжіліс депутаттары партиялық негізде сайланатын болса, енді депутаттардың 30%-ы аумақтан, ал 70%-ы партиялық тізімдер арқылы сайланады. Жаңа өзгерістер Қазақстан азаматтарына Мәжіліске аумақтық сайлау округтерінен 29 депутатты тікелей сайлауға мүмкіндік береді», деді Қ. Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Министрдің айтуынша, өз міндеттерін, сайлау алдындағы уәделерін орындамаған депутат өзінің депутаттық мандатынан айырылуы мүмкін.

«Өзгерістер Конституцияға енгізілгеннен кейін Парламент және сайлау туралы конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу туралы заңдар енгізіледі. 7-ші шақырылым депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін сайлау жаңа жүйе бойынша өткізіледі», деп түйіндеді ол.